СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді. Сенат қабырғасында журналистер сұрағына жауап берген Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев тағы бірнеше елге бару қауіпті екенін айтты. Оның сөзінше, дипломаттар жаһандағы ахуалды тұрақты түрде бақылап, зерделеп отыр.
Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарына Иранға бармауға кеңес береміз. Таяу Шығыстағы жағдай тұрақсыз болғандықтан, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда. Біз Таяу Шығыстағы және өзге де елдердегі жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап, мониторинг жүргізіп отырамыз. Сондықтан Қазақстан азаматтарына Иранға сапарлаудан уақытша бас тартуға кеңес береміз.
Еске салайық, Иран төңірегіндегі жағдай қайта ушығып барады. Өткен тәулікте Құрама Штаттар Ислам Республикасына екінші күн соққы берді. Сонымен қатар министрлік қазақстандықтарды эпид ахуал ушығып тұрған Африканың бірнеше еліне де бармауға шақырады. Қазір Конго мен Уганда елінде Эбола вирусын жұқтырғандар саны 600-ден, мерт болғандар саны 100-ден асты.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28