Жібек көбелегі 22 мың гектар орман алқабын зақымдады
Солтүстік Қазақстан облысында 22 мың гектардан астам орман алқабын жұпсыз жібекқұрт зақымдады.
6 ауданда қауіпті карантиндік зиянкес ошағы табылды. Жібек құртының әрі қарай таралуына тосқауыл қою үшін орманда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 50 млн теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, осы сынды жағдай 2014 жылы тіркелген. Ағаштарды өңдеу кезеңінде орманда мал жаюға, жидек пен саңырауқұлақ теруге болмайды. Жібек құрттар негізінен қайың мен терекке зиян келтіреді. Оның таралуын дер кезінде тоқтату - орманды сақтап қалу үшін маңызды. Өңірде 550 мың гектардан астам орман алқабы бар.
Василий Лобанчук, Табиғи ресурстар басқармасының бөлім жетекшісі:
Күзде орман алқаптарын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұпсыз жібек құртының ошақтары анықталды. Мамыр айының басынан химиялық өңдеу жүргізілуде. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Ең көп зиян келген орман алқаптары Жамбыл және Қызылжар аудандарында орналасқан.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17