Маңғыстауда үш ауысымды мектептер саны азайды
- Маңғыстауда «Келешек мектептерінің» ашылуы өңірдегі үш ауысымды мектептер санын азайтуға ықпал етті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған ұлттық жоба аясында облыста 13 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде үш ауысымда білім беретін оқу орындарының саны 10-нан 3-ке дейін қысқарды. Ең бастысы, 13 мыңға жуық оқушы заманауи мектеппен қамтамасыз етілді. Жаңа білім ордаларының алтауы Ақтауда, біреуі Жаңаөзенде, қалғандары Мұнайлы, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында бой көтерді. «Келешек мектептерінде» жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөлінген.Күлпан Мирова, облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры:
- Маңғыстау өңірінің «Келешек мектептері» үш ауысымды мектептерді жоюына көмектесті. Биыл өңірде үш ауысымды мектептердің саны азайды. Соған өте күшті жағдай жасалып, әсер жасады. Жалпы «Келешек мектептері» қазіргі заманауи мектептер деп айтуға болады. Іші материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17