Димаш оқыған мектепке швейцариялық жанкүйері барды
Димаш Құдайбергеннің швейцариялық жанкүйері әнші оқыған мектепті көру үшін әдейілеп Ақтөбе қаласына барды. Эстер Ульман №32 мектеп ұжымымен және оқушылармен кездесті. Мұғалімдер оған Димаштың оқушы кезінде қандай болғанын айтып берді. Сондай-ақ көпшілік біле бермейтін тың мәліметтермен бөлісті. Меймандар оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаны да тамашалады. Эстер ханым өз кезегінде Димаштың өнері арқылы қазақ елін жақұыннан танып, ғашық болғанын жасырмады. Ол бұған дейін біздің елге бес рет келген. Қазақстан мен сүйікті әншісі жөнінде кітап та жазған.
Эстер Ульман, Димаштың
жанкүйері (Швейцария):
Мен Димаштың әнін алғаш рет 2020-шы жылы пандемия кезінде тыңдадым. Ал 2022-ші жылы Алматыға, оның концертіне арнайы келдім. Кейін сүйікті әншімнің туған жеріне барсам деген ой келді. Өз арманыма жеткеніме өте қуаныштымын!
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32