Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 382 адам анықталды
Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 382 адам анықталды. Оның 258-і шетел азаматы. Елде заңсыз жүргендердің дені Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданында тіркелді. Құқық бұзушылар «Заңсыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталып, жауапқа тартылды. Бұдан бөлек 97 қазақстандық шетелдіктерді тіркеу және қабылдау тәртібін бұзған. Тағы 27 адам шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Он бір күнге жалғасқан профилактикалық шараға 200-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты материалдар сотқа жолданды.
Ерлан Райымбеков, облыстық ПД
көші-қон қызметі басқармасының бастығы:
Заңсыз жұмыс істеген 68 шетелдік азаматты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығару туралы соттың шешімі шықты. Қазір сыртқа шығарылып жатыр. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз өту бойынша 2 факті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17