Сенат төрағасы университет түлектеріне диплом табыстады
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Назарбаев университеті түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Ол жас мамандарды құттықтап, елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен жаңғыру үдерістерінде жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызына тоқталды. Сонымен қатар Назарбаев университетінің ғылым мен инновацияны дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, кәсіби біліктілік пен үздіксіз ізденіс табыстың басты кепілі екенін жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған саяси бағдары – ұзақмерзімді реформалар бағдарламасы. Ол экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік басқару институттарын нығайту, ғылым мен білімге, бизнес пен азаматтық қоғамға қолдау көрсету сияқты маңызды міндеттерді шешу үшін бүкіл қоғамның жұмылуын және белсенді қатысуын талап етеді. Осы үдеріске сіздердің университеттеріңіздің түлектері қазірдің өзінде елеулі үлес қосып келеді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02