ЕҰУ-де Алтын Орда өркениеті кафедрасы ашылады
Еуразия ұлттық университетінде Алтын Орда өркениеті кафедрасы ашылады. Жаңа оқу бөлімі Жошы ұлысына қатысты тың деректерді білім беру бағдарламасына енгізумен айналысады. Ғалымдар кафедра болашақта еліміздегі жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарды біріктіретін академиялық алаңға айналатынына сенімді. Алтын Орда мұрасын зерттеу – тарихи сананы нығайтуға, қазақ мемлекеттілігінің терең тамырын ғылыми негізде түсіндіруге бағытталған маңызды жұмыс. Жақында өткен халықаралық симпозиумда Президент ғалымдарға нақты міндет жүктеді. Енді осы бағыттағы шетелдік зерттеушілердің жұмысын зерделеуге де баса мән берілмек.
Мақсат Алпысбес, тарих ғылымдарының докторы:
Батыс Еуропада, Америкада, тіпті шығыстағы Қытай және Жапония елдерінде Алтын Орда кезеңіндегі Юань патшалығы, Жошы ұлысы тарихына қатысты көптеген зерттеу кезінде жазылған. Біз отандық тарих ғылымында Жошы ұлысы Алтын орда кезеңін зерттеуде көбінесе батыста бізге беймәлім болып келген зерттеушілердің еңбектерін ғылыми айналымға көбірек келтіруіміз керек. Өйткені олардың еңбектерінде біржақты идеалогиялық, кертартпа түсініктер жоқ. Кеңес одағында қолжетімсіз болған немесе жойылып кеткен көптеген тарихи деректерді батыс архивтері сақтап қалған.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17