Ақтөбеде «Jasyl cross – 2026» шарасы өтті
Ақтөбеде «Jasyl cross – 2026» экологиялық жарысы ұйымдастырылды. Оған шаһардың белсенді жастары мен еріктілер қатысты. Сайыс Ақтөбе-Үшқұдық тасжолының бойында өтті. Ережеге сай әр команда алты қатысушыдан жасақталады. Олар 40 минут ішінде өздеріне берілген қапшықтарға көп мөлшерде қоқыс жинап үлгеруі керек. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға жастар белсенді қатысты. Қоқысты көп жинаған командаға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Әлімбек Тұралиев, облыстық Жастар
саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Осы жерді лас болғаннан кейін әдейі таңдадық. Себебі бұл жерде 500-ге жуық адам қатысады. 30 команда. Бұл жерде мемлекеттік қызметшілер, «Жасыл ел» сарбаздары, жастар, үкіметтік емес ұйым мүшелері өздері ниет білдірді, қатысамыз деді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32