Шардаралықтар көшелер мен арықтарды тазартты
Түркістан облысының Шардара ауданында ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырып, көшелер мен арықтарды тазартты. Ұзыната ауылының 70-ке тарта белсенді азаматы қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосып, жұмылып, 8 көше мен 3 шақырым аяқжолда қоқысты жинады. Ағаштарды кесіп, шөптерді орып шықты. Ауыл аумағындағы ирригациялық жүйелерді де ретке келтірді. Экошараға ауылдың қариялары да бір кісідей қатысып, жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Сенбілік барысында жиналған 1,8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды.
Тоқсанбай Бердібеков, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
«Таза Қазақстан» ұлттық акциясы бүкіл елімізде жүріп жатқаны белгілі. Сондай акция бүгін Шардара ауданының Ұзыната ауылдық округінде де жүріп жатыр. Ал енді тазалық – денсаулық кепілі екенін барлығымыз да жақсы білеміз. Сондықтан барлық шардаралықты осындай акцияға шақырамын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17