Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталады
Ипотека бойынша пайызды есептеу ережелерін өзгерту кейінге шегерілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірлеген құжатта айтылған. Жаңа тәртіпке сай, ипотека шарттары бастапқы жарна мөлшеріне байланысты болмақ. Егер азамат үй құнының кемінде 30 пайызын өзі төлесе, яғни несие көлемі үй бағасының 70 пайызынан аспаса, онда ең жоғары мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде белгіленеді. Ал егер бастапқы жарна аз болып, несие көлемі үй құнының 70 пайызынан асса, онда шекті мөлшерлеме 25 пайыз деңгейінде қалады. Бұған дейін бұл өзгеріс биыл 1 шілдеден бастап күшіне енуі керек еді. Енді 2027 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылмақ. Ал осы уақыт аралығында ипотекалық қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме 25 пайыз болып қала береді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28