Женевада «Үлкен жетілік» саммитіне қарсы шеру өтті
Швейцарияның Женева қаласында «Үлкен жетілік» саммитіне қарсы ауқымды шеру өтті. Ол тәртіпсіздіктерге ұласып, демонстранттарды тарату үшін жергілікті полиция су шашатын машиналар мен газ қаруын қолданды. Ал манифестанттар тәртіп сақшыларына отты шөлмек лақтырып, фейерверк атып, қарсылық көрсетті.
Қақтығыс кезінде кейбір азаматтардың мүлкі зақымданып, дүкендердің терезесі сынып, автобус аялдамалары қираған.
Сонымен қатар демонстранттар әлем елдеріндегі теңсіздік пен капитализмге де наразылық білдірді.
Айта кетсек, G7 саммиті бүгін Францияның Эвиан-ле-Бен қаласында басталады. Оған Ұлыбритания, Франция, Канада, Германия, Италия, Жапония, Америка Құрама Штаттары және Еуропа одағының басшылары қатысады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17