Қазақстан цифрландыру бойынша озық елдер қатарында
Қазақстан цифрландыру бойынша Дүниежүзілік банк рейтінгінде 6-орында тұр. Еліміз халықаралық ұйыммен жасанды интеллект, GovTech салалары негізіндегі байланысты әрмен қарай нығайтуды көздейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен өткен кездесуінде айтты. Жаңа бастамалар қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы су асты кабелін тарту, ауылдық жерлердегі интернет сапасын жақсарту жұмыстары бар. Дүниежүзілік банк өкілі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сангбу Ким, Дүниежүзілік банктің вице-президенті:
Қазақстан цифрландыру бойынша өзге дамушы елдермен салыстырғанда әлдеқайда алда келеді. Сіздерде мобильді байланыс жақсы дамыған. Электронды үкімет платформасы сапалы қызмет көрсетеді. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабылдадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл салада қиындық аз емес. Онымен күресте бәріміз бірге жұмыс істейтін боламыз.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03