Виза: Құжаттарды ерте және мұқият дайындаған жөн
Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шенген визасын рәсімдеу мерзімінің ұзақтығы мен визадан бас тарту жағдайларының жиілеуіне қатысты қазақстандықтардың шағымына жауап берді. Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың сөзінше, мұндай келеңсіздіктерге туристік маусымның басталуы себеп. Визаға өтініш берушілер саны артқан. Тиісінше шетелдегі елшіліктердің консулдық бөлімдерінде жүктеме айтарлықтай көбейген. Сондай-ақ ресми өкіл Еуропаға баруды жоспарлап жүрген ел азаматтарына кеңес берді.
Ерлан Жетібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Виза беру – әр мемлекеттің өз құқығы. Азаматтарға берер кеңесіміз, құжаттарды мейілінше ерте және мұқият дайындаған жөн. Сонда ол тез мақұлданады. Ал біз өз тарапымыздан шетелдегі әріптестерімізге жағдайды ескертіп жатырмыз. Шенген визасына келер болсақ, жақында Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздердің үшінші кезеңі өтті. Әзірге бәрі жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Жақын арада толық ақпарат беріп қаламыз.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28