Цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді
Қазақстанда цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді. Бұл туралы еліміздің Қаржы вице-министрі айтты. Әсет Тұрысовтың сөзінше, цифрлық теңге ұлттық валютамыздың үшінші және жаңа нысаны ретінде ресми түрде бекітілген. Өткен жылы Ұлттық банкпен бірлесіп 20 пилоттық жоба іске қосылса, биыл цифрлық ақшамен жүзеге асырылатын 200-ге жуық жоба мақұлданып отыр. Цифрлық теңге тек мемлекеттік қаржыландыру саласында ғана жұмсалады әрі бюджеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді деді вице-министр. Мәселен, сандық ақша инфрақұрылымдық жобаларға, мемлекеттік сатып алуларға, салықтық әкімшілендіруге, сондай-ақ несиелендіру мен субсидиялауға қолданылады. Бүгінгі таңда айналымда 339 миллиард цифрлық теңге бар.
Әсет Тұрысов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Ол тек қана бюджеттік процесте енгізілген. Цифрлық теңгенің жобалары бойынша – құрылыс және жолдар бағыттарда жобаларды іске асырамыз. Осы жобалар енгізілгеннен кейін біз өзіміз ресми түрде есептілікті береміз.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28