Өрт қауіпсіздігін бұзған 1 600 адам жауапқа тартылды
Жаз басталғалы ел аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 1600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 33 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Төтенше жағдайлар министрлігі орман және дала алқаптарында бақылауды күшейтті. Өрт ошақтарын дер кезінде анықтау және жедел сөндіру үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 12 уақытша бекет орналастырылған. Бұл бекеттер өртті ерте анықтап, оның үлкен аумаққа таралуының алдын алуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Сондай-ақ өрт қаупі жоғары өңірлерде тікұшақтар кезекшілік етеді. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға құрғақ өсімдіктерді өртеуге, орман алқаптарында, қалың бұталардың арасында және ауыл шаруашылығы жерлеріне жақын маңда от жағуға қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17