ҰБТ өткізілген 5 апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды
Елімізде ҰБТ өткізілген бес апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Оның ішінде 300-ге жуық талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 176 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. 10 мамырда басталған емтихан 10 шілдеге дейін жалғасады. Қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген, оның ішінде 668-і - ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкер. Қазіргі уақытта тестілеуден шамамен 236 мың талапкер өтті. Бесінші аптаның қорытындысына сүйенсек, талапкерлердің 67%-ы шекті балды жинаған.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17