Кассалық аппаратсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталды
Қазақстан базарларындағы 5 мыңға жуық сатушы кассалық аппаратсыз жұмыс істеген. Жыл басынан бері Сауда министрлігі азық-түлік базарларында рейд жүргізіп, нәтижесінде 150 делдал анықталып, сауда тізбегінен шығарылды. Тексеру жұмыстары еліміздің 60-тан аса базарында жүргізілді. Нәтижесінде 486 заң бұзушылық анықталды.
Ал Қаржы министрлігінің 38 базарда жүргізген тексеруі 4 мың 843 сатушының
кассалық аппаратсыз жұмыс істегенін, ал 5 мың 846 сатушыда POS-терминалдардың
болмағанын көрсетті. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 32,5 мың дана
таңбаланбаған тауық жұмыртқасы тәркіленді. Ішкі істер органдары болса, ретсіз
сауданың 2 мың 345, ал заңсыз кәсіпкерліктің 201 фактісін анықтады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17