«Атамекен» ҰКП мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты күшейтуді көздейді. Тараптардың айтуынша, меморандум мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы әріптестікті нығайтып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қанат Шарлапаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:
Бүгін қол қойылған меморандум өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Меморандум проблемалық мәселелер бойынша жедел ақпарат алмасуға, мемлекеттік процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы секнім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03