Таразда «Тектұрмас» тарихи кешенінің аумағын тазалады
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тектұрмас» тарихи кешенінің аумағы тазартылды. «Тәртіп – тазалықтан басталады» деген 100-ге жуық жас 17 га аумақты өзара бөліп алып, қоқыс қалдықтарын жинады.
Сондай-ақ кешен аумағындағы көлік жолдарының бойы да тазаланды. Жол жиегінде әсіресе пластик ыдыстардан көз сүрінеді. Жалпы жастардың күшімен 5 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Айта кету керек, өңір жастары бұған дейін 50-ге жуық тарих кешен маңын тазалады. Жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 24 мыңға жуық адам қатысып, 5 жарым мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.
Айбек Қадырәлиев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
Әрбір ауылдағы, аудандағы, қаладағы волонтер жастар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жауынгерлері және де Жастар ресурстық орталықтарының жастары өздерінің үлестерін қосуда. Бұл бағытта біз тоқтап қалмаймыз. Арнайы «Әулиеата жауқарлары» тарихи экспедициясы жобасы бар. Тарихи экспедиция жобасы аясында аудандағы, ауылдық жерлердегі тарихи ескерткіштердің барлығының маңайын аудандық, ауылдық жастар тазалап жатыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Айбын-2026»: Жүзуден жарыс өтті
25.06.2026, 10:17
Қаламгер Ғабит Мүсірептің жаңа жинақтары жарық көрді
25.06.2026, 10:15
«Мағжан оқулары» байқауының республикалық кезеңі басталды
25.06.2026, 10:14
Әлеуметтік демалыс ережелеріне өзгеріс енгізілді
25.06.2026, 10:12
Ғалымдарға 56 күндік демалыс беріледі
25.06.2026, 10:11
Францияда аптап ыстықтан фермаларда жүздеген мың тауық қырылды
25.06.2026, 10:10
Венесуэлада алапат жер сілкінісі болды
25.06.2026, 10:09
Ресейге кіру тәртібі өзгереді
25.06.2026, 10:08