Футбол: Әлем чемпионатына шолу
Футболдан әлем кубогында кезекті сенсация. Басты фавориттердің бірі Испания құрамасы чемпионаттың финалдық кезеңіне алғаш рет шығып отырған Кабо-Верде командасынан айласын асыра алмады. Жалпы кеше түнде және бүгін таңда өткен ойындардың бәрі де тең есеппен аяқталды.
Атағы жер жаратын жұлдызды құрамы бар Испания 90 минут бойы шағын мемлекет Кабо-Верде қақпасының осал тұсын таба алмады.
Қызыл фурия ойыншылары 27 соққы жасағанымен, ойын тең аяқталды. Есеп 0:0.
Кездесудің басты қаһарманы Кабо-Верде қақпашысы Возинья. 40 жастағы ойыншы
шеберлігін паш етіп, бірнеше қауіпті соққыны қайтарды. Ойыннан кейін бір түнде
ол жұлдызы атанды. Әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 50 мыңнан 4 млн 700
мыңға жеткен.
Тағы бір тең есеп Бельгия – Мысыр кездесуінде тіркелді. Кездесудің 20-минутында
Эмам Ашур гол соғып, өз құрамасын алға
шығарды. Алайда 66-минутта допқа талас барысында Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып алып, таразы басын теңестіріп
берді.
Сонымен қатар G тобындағы тағы бір қос құрама Иран мен Жаңа Зеландия ұпай
бөлісті. Есеп 2:2. Осылайша бұл топтағы барлық команданың еншісінде әзірге бір
ұпайдан.
Ал Сауд-Арабиясының командасы тағы бір сенсация жасап кетуге шақ қалды. Азулы
Уругвай қақпасына бірінші таймда гол соғып алға шықты. Оңтүстік америкалықтар
тек матч соңына қарай таразы басын теңестіре алды.
Біріншілік барысынан тағы бір дерек. Тунис құрамасының бас бапкері Сабри Лямуши
қызметінен босатылды. Бірінші турда африкалық команда Швециядан 1:5 есебімен
ойсырай жеңілген еді. Осылайша Әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет бас
бапкер турнирдегі алғашқы ойыннан кейін-ақ жұмысынан айырылып отыр.
Ал бүгін түнде Франция құрамасы Әлем біріншілігіндегі жорығын бастайды. Астана
уақытымен түнгі 00:00:де олар Сенегалға қарсы ойын өткізеді. Ал түнгі 03:00-те Эрлинг
Холланд бастаған Норвегия құрамасы Иракпен кездеседі.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталады
16.10.2026, 17:17
Пешавардағы мектепте қаза тапқандар 33-ке жетті
16.10.2026, 17:05
ҰБТ-ға балама жаңа тест 2029 жылы енгізілуі мүмкін
16.10.2026, 17:04
ТМҰ елдері жалған ақпарат пен дипфейкке қарсы күресті күшейтеді
16.10.2026, 17:02
200 адам жәрдемақы алудан өз еркімен бас тартты
16.10.2026, 17:00
Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында қола медальге ие болды
16.10.2026, 13:17
Халық кеңесінің жұмысы бірнше бағытта ұйымдастырылды
16.10.2026, 13:15
Қызылордада балалы әйелді қағып кеткен жүргізушіні іздеуде
16.10.2026, 13:14