IT law forum: Жасанды интеллект пен цифрлық құқық мәселелері талқыланды
Алматыда жыл сайынғы V IT Law Forum өтті. SDU University ұйымдастырған жиында мемлекеттік органдар, заңгерлік компаниялар, IT бизнес өкілдері мен ғалымдар цифрлық дәуірдің өзекті мәселелерін талқылады. Биыл жиында жасанды интеллектіні құқықтық реттеу, киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, цифрлық кәсіпкерлікті дамыту және Лигалтек шешімдерін енгізу мәселелеріне басымдық берілді. Қатысушылар цифрлық құқықтың болашағы мен Қазақстанның жаңа цифрлық архитектурасын қалыптастыру жолдарын сөз етті. Сондай-ақ Қазақстан заңнамасымен жұмыс істеудегі жасанды интеллект модельдерінің тиімділігін салыстырған алғашқы кешенді зерттеу – «Казахстанс Лигал Эй-Ай Бенчмарк» нәтижелері таныстырылды.
Мағауия Абай, SDU университетінің аға оқытушысы:
Бізде IT құқықтық мәселелерді жеңіл тілмен түсіндіру керек. Мәсәлелер туындаса, оны талқыға салып, бизнес эксперттерден, академия саласынан ғылыммен айналысатындардан және де заңгерлерден ортақ шешімге келтіру. Біз зерттеу жасап, Қазақстанның заңнамасымен ең күшті жұмыс істейтін моделдерді анықтап, қорытынды презентацияда көрсеттік.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28