Абай облысында 2 теміржол станциясы пайдалануға берілді
Елімізде 124 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр. Соның алғашқы екеуі Абай облысында пайдалануға берілді. Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш станциясында теміржол бекеттері толық жаңартылды. Ауыл станциясындағы вокзал 1929 жылы салынған. Ғимараттың инженерлік жүйелері ауыстырылды. Күту залы мен қызмет көрсету аймақтары да жөнделді. Ал 900-ден астам халқы бар Белағаш станциясының салынғанына ғасырдан асты. Сондықтан ескінің орнына бой көтерген заманауи ғимаратқа тұрғындар дән риза.
Бақытгүл Дүйсенбаева, ауыл
станциясының тұрғыны:
Мен осы ауылдың тұрғынымын. Міне, вокзалымыз жаңарып жатыр. Ескінің аты - ескі. Қазір іші жаңа. Міне, алды қандай?! Бәрі қолайлы. Үлкен кісілерге де, кішкентай балаларға да. Іші өте әдемі. Кең, жарық.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03