Екібастұздағы коммуналдық нысандар түгел жаңартылды
Еліміздің бірнеше өңірінде Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасы облигациялық қаржыландыру тетігі арқылы іске асырыла бастады. Пилоттық жоба әуелі Ппвлодар облысында іске асты. Облигациялық қаржыландырудың тиімділігі – республикалық бюджет облысқа қажетті қаржыны бірден береді. Ал аймақтар өз бюджетінен бірнеше жылдарға бөліп қайтарады. Мәселен Екібастұзда соңғы екі жылда коммуналдық сала бойынша жағдай едәуір жақсарды. Себебі жылу электр орталығына қарасты негізгі құбырлар жаңартылған. Кеңес одағында салынған тар құбырлар 1000 милиметрлік құбырлармен алмастырылды.
Ержан Иманзайыпов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Үш жылға 113,5 млрд теңге алдық. Соған сәйкес 53 жоба жасалды. Қазір біз энергетика және коммуналдық саланы жаңартк бойынша республикада топ бастап тұрмыз. 2025-2026 жылдарға 16 жоба, оның 7- і жылумен жабдықтау, 9 жоба электрмен жабдықтау саласында. 94 шақырымның құбыры ауыстырылып, 444 шақырым желі жөнделді. Тәуелсіздік алғаннан бері бұндай көлемде жұмыс алғаш рет атқарылып отыр. Бұның игілігін өткен қыста Екібастұз бен Павлодар қаласының тұрғындары әбден сезінді деп айта аламын.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32