Робототехника олимпиадасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр
Алматыда робототехникадан дәстүрлі халықаралық олимпиада басталды. Екі күнге созылатын республикалық жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 286 оқушы қатысып жатыр. Олар белгіленген уақытта робот құрастырып, оны бағдарламалап, инженерлік жобалар бойынша бақ сынауда. Биылғы олимпиаданың тақырыбы «Робот және мәдениет». Қатысушылар технологияны ұлттық құндылықтармен ұштастыратын жобалар әзірлеуде. Атап айтқанда, тарихи ескерткіштер туралы ақпарат беретін, мұражайларға экскурсия жүргізетін және ұлттық өнер мен салт-дәстүрді таныстыратын роботтар жасайды. Мәселен, жарыста даңғыра, жетіген, тоқылдақ пен сылдырмақтың роботтандырылған нұсқалары таныстырылды. Роботтар ұлттық аспаптар ансамблінің рөлін атқарып, халық әуендерін орындай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық кезең жеңімпаздары желтоқсан айында Пуэрто-Рикода өтетін халықаралық финалда ел намысын қорғайды.
Сабыржан Сәдуақасов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары:
4 категория бойынша ұйымдастырылады. Осы категория бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан оқушылар қамтылып отыр. Жалпы ұлттық мәдениетті робот арқылы қалай сақтап қалуға, өңдеуге, жаңартуға болады деген идеяны мәселені осы балалар екі күн бойы көрсетуі керек. Біздің басты мақсатымыз әділдік, адалдық саясаты. Яғни кез келген балаға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы