Қысқа жаңалықтар жиынтығы
Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Адам өміріне араша болатын ақ халаттылардың төл мерекесінде оларға ерекше құрмет көрсетіледі. Бүгінде елімізде 280 мыңнан астам медицина маманы бар. Биылдан бастап олардың құқықтық қорғалуы күшейтілді. Соңғы 3 жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есе ұлғайды. Ал жалақысын көтеруге тек биылдың өзінде қазынадан 33 миллиард теңге бөлінген.
19 шілдеде бірыңғай банкаралық жүйе іске қосылады. Енді қай банктің қызметін
пайдалансаңыз да, барлық тауарды бір кьар кодпен төлеуге болады. Әмбебап кьюар
тұрғындарға ғана емес, бизнес өкілдері үшін де тиімді. Бұдан былай
кәсіпкерлерге бірнеше банктің QR-кодын қатар орнатудың қажеті жоқ.
Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі аясында кемелер шеруі өтті.
Жайық бетінде тізілген су көліктері Каспий өңірінің балықшылық дәстүрін басқаша
форматта паш етті. Бейбарыс сұлтан көпірінен тұрғындар қалашығы көпіріне
дейінгі аралықта жүзіп өткен елуге жуық кеменің салтанатты шеруі тұрғындар мен
қала қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.
Жетісу облысында параплан спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әуе спортындағы
ең беделді бәсекеге әлемнің 30-дан астам елінің
үздіктері жиналған. Ал Қазақстан құрамасының намысын 7 спортшы қорғайды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар ұзақ қашықтыққа ұшу бойынша өзара
бәсекеге түседі. Үш аптаға созылатын додада жеңімпаз жүріп өткен қашықтығы мен
жинаған ұпайының қорытындысы бойынша анықталады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03