БҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан шеттетілді
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан шеттетілді.
Тиісті өкімге облыс әкімі қол қойды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мадияр Утешев медициналық мекемелер қызметіне тиісінше бақылау жүргізбегені үшін лауазымдық өкілеттігін атқарудан бір ай мерзімге шеттетілді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері біздің телеарнаның сауалына берген жауабында аймақтағы жеті медициналық ұйым басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Желіде бұған дейін облыстық балалар ауруханасының басшысы, Жәнібек, Қаратөбе, Теректі, Бәйтерек аудандарының бас дәрігерлері ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. Олар пара алды деген күдікке ілініп отыр. Ал жергілікті басылымдар «жедел жәрдем» қызметінің басшысы мен оның орынбасары да қамалғанын жазған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы