Ресей шекарасынан жүздеген көлік өте алмай тұр
Ақтөбе облысындағы Жайсаң – Сағаршын шекара бекетінен жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр. Кезек бірнеше шақырымға созылған.
Қазір бұл жерде 350-ден астам көлік жиналған. Тағы 160-ы Саржансай ауылы маңына
шоғырланған. Облыстық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, әр
жүргізушінің бір тәуліктен аса күтуіне тура келеді. Оған себеп – Ресей шекара
бекетінің өткізу мүмкіндігі төмен. Оның сыртында жолаушы тасымалдаушыларға
басымдық беріліп жатыр. Жүк көліктерінің жартысына тез бұзылатын азық-түлік
өнімдері тиелген. Арасында Өзбекстаннан Ресейге жеміс-жидек апара жатқандары да
бар. Мамандардың айтуынша, олар бір күннен аса жолда тұрғандықтан, кәсіпкерлер
шығынға батып жатыр.
Руслан Күйшінов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Ол жердегі жүк көліктерінің саны 500 бен 600 аралығында. Келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіккендіктен жүргізушілер үлкен шығынға батып жатыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы мониторинг жүргізді. Кәсіпкерлер мен жүргізушілер колл орталыққа хабарласа алады. Біз өз тарапымыздан қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03