АЭС салғанда қауіпсіздік басты назарда болады
АЭС құрылысы кезінде қауіпсіздік басты назарда болады. Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы осылай дейді. Бұған дейін «Балқаш» атом электр станциясының құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалатыны айтылған еді. Бұл көршілес елдерде АЭС салуға кеткен қаржыдан шамамен екі есе көп. Бізде неге көбірек қаржы бөлінбек? Қауымдастық бұл сұраққа да жауап берді. Айтуларынша, станцияға қажет құрылғылар соңғы үлгідегі жабдықтармен жасақталмақ. Көбі жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Бұл бағаның қымбат болуына әсер ететін бір фактор. Бұдан бөлек, біздің ел қауіпсіздікке де ерекше ден қойып отыр. Оған да қомақты қаржы бөлінбек.
Бекжан Әлімқұлов, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының мүшесі, энергетик:
Қазақстанда соғылайын деп жатқан ввр 1200 реакторына келетін болсақ, 3+ буынына жатады. Үшінші буынмен айырмашылығы – мысалы реактор тұратын болса, оның сырты темірмен қапталған, кез келген апаттық жағдайда сол қорғайды. Ол сырттан келетін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Үстіне самолет келетін болса да, реакторға ешқандай әсер етпейді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28