Мемлекеттік қызметке ынталы жастардың саны артып келеді
Мемлекеттік қызметке ынталы жастардың қатары көбейіп келеді. Бір жылда конкурсқа қатысуға әдеттегіден 3 жарым есе көп өтінім түскен. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық форумда белгілі болды. 20 елден сарапшылар қатысқан ауқымды жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының форумның ашылуына орай жолдаған құттықтау хатын оқыды. Бұдан соң жиналғандар мемлекеттік қызметке жасанды интеллектіні енгізу аясында тәжірибе алмасты. Талқы барысында шетелдіктер Қазақстандағы цифрлық жүйелерге қызығушылық білдірді.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің төрағасы:
Біздің мақсатымыз тек қана Мемлекет басшысы айтқандай үйреніп қана қоймай, үйрететін ұлтқа айналу. Сол себепті біз қазіргі кезде ОЭСР-дің обсервоториясында жаңалық ретінде танылған өзіміздің Е-қызмет жүйесіне шетелдік әріптестеріміз қызығушылығын білдірді. Қазір үлкен форум, өзіміздің жаңалықтарымызбен бөлісеміз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17