Текеліде әке институтының маңызы талқыланды
«Ұрпақ тәрбиесі – ел ертеңінің негізі. Сондықтан әке балаға үлгі болып, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеуі тиіс».
Әкелер күні қарсаңында Текелі қаласында ұйымдастырылған кездесуде осы мәселе әңгіме өзегіне айналды. Қоғам белсенділері мен жастар отбасы құндылықтарын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі мен жауапкершілігі туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды мәселелерді талқылады. Жиналғандар жастарды кәсіпке баулу, адал еңбек мәдениетін қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі әкенің ықпалы жөнінде де пікір алмасты.
Бақыт Шалбаев, Текелі қаласының құрметті азаматы:
Балаға тәрбие беру керек. Тәрбиеден кейін білім беру керек. Және еңбекке баулу керек. Егер де баланың тәрбиесі болмаса, берілген білім ол қарсы жау болып келуі мүмкін. Сол себепті әкелердің рөлі балаларды еңбекке баулуда үлкен рөл ойнауы керек.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27