Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек: Арнайы жұмыс тобы құрылды
Елімізде зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Еңбек министрлігі мен сарапшылар болашақта зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше жаңа тетікті қарастырып жатыр. Соның ішінде 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтарға зейнетке шығу уақытын икемді реттеу ұсынысы да бар. Сондай-ақ мамандар зейнетақы жүйесін тек жеке жинаққа тәуелді етпей, мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігіне негізделген модельдерді талқылап жатыр. Бұл азаматтарға өмір бойы тұрақты төлем алуға мүмкіндік беруі тиіс. Әзірге зейнет жасын өзгерту немесе жаңа тәртіп енгізу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Барлық ұсыныстар талқылану кезеңінде.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28