Ustaz Ulytau жобасына 85 мектеп қатысты
Жезқазғанда Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығының бес
жылдығына арналған жиын өткен.
2021 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен Ustaz Ulytau жобасы жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде жоба компанияға қатысы бар өңірлердегі ең ірі білім беру бастамаларының біріне айналып, Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледжді және екі қосымша білім беру ұйымын қамтитын деңгейге жеткен.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта мектептерде заманауи білім беру әдістемелері енгізіліп, кәсіби бағдарлау бағдарламалары, STEM-тәсілдері мен ағылшын тілін оқытудың технологиялары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жоба жұмысының нәтижесінде бес жыл ішінде 43 оқушы, сондай-ақ ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Ұлыбританияда тілдік білім беру бағдарламасында білім алған. Сондай-ақ 22 педагог, үш кәсіби бағдар беруші маман және он мектеп директоры халықаралық тағылымдамадан өткен.
Жоба аясында өткізілетін Қаныш Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы бірнеше жылдың
ішінде республикалық сайыстан халықаралық деңгейдегі білім бәйгесіне айналды. 2025
жылы олимпиадаға Қазақстан мен Қырғызстанның және Ресей Федерациясының
командалары қатысқан.
Тәжірибе алмасу және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мақсатында мектеп директорларының клубы құрылды. Бүгінде ол 65 білім беру ұйымының басшысын біріктіріп отыр.
2021 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен Ustaz Ulytau жобасы жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде жоба компанияға қатысы бар өңірлердегі ең ірі білім беру бастамаларының біріне айналып, Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледжді және екі қосымша білім беру ұйымын қамтитын деңгейге жеткен.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта мектептерде заманауи білім беру әдістемелері енгізіліп, кәсіби бағдарлау бағдарламалары, STEM-тәсілдері мен ағылшын тілін оқытудың технологиялары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жоба жұмысының нәтижесінде бес жыл ішінде 43 оқушы, сондай-ақ ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Ұлыбританияда тілдік білім беру бағдарламасында білім алған. Сондай-ақ 22 педагог, үш кәсіби бағдар беруші маман және он мектеп директоры халықаралық тағылымдамадан өткен.
Жоба аясында өткізілетін Қаныш Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы бірнеше жылдың
ішінде республикалық сайыстан халықаралық деңгейдегі білім бәйгесіне айналды. 2025
жылы олимпиадаға Қазақстан мен Қырғызстанның және Ресей Федерациясының
командалары қатысқан.Тәжірибе алмасу және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мақсатында мектеп директорларының клубы құрылды. Бүгінде ол 65 білім беру ұйымының басшысын біріктіріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25