Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті, деп жазды Ақорда.
«Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі», – деген Қ. Тоқаев.
Мемлекет басшысы 2026 жылы Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанына тоқталды. «... Біз де қазіргі заман ағымына ілесе білуіміз керек», – деген біздің Президент Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады. Саида Мирзиёева кездесу мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.
«Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көп жоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан бүгінде бауырлас Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді құптайды. Қазақстан – сенімді одақтасымыз. Бұл жайында ұдайы айтып келеміз», – деген Саида Мирзиёева.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05
Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
15.09.2026, 17:02
Қазақстан мен Корея сауда айналымын екі есе арттырмақ
15.09.2026, 17:00
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12