Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогінде қазақстандық боксшылар ел қоржынына 5 алтын және 3 қола медаль салды.
Ал Индонезияның Бали аралында өткен WKF каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Олар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, құрлықтың үздік командаларының қатарынан көрінді.
Сонымен қатар жеңіл атлетикадан ұлттық құрама алтын медаль иеленді. Қытайдың Шаосин қаласында өткен Азия эстафеталық чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас құрамдағы 4×400 метрлік эстафетада жеңімпаз атанды.
Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында Ирина Бакалдина әйелдер арасындағы жеке шпага сайысында алтын жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ал Руслан Құрбанов ерлер арасындағы жеке шпага бәсекесінде қола медаль иеленді.
Бұдан бөлек, Германияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Ринат Казаченко 5 күміс медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28