Орман мен жануарларды қорғауға арналған заңға қол қойылды
Елімізде орман мен жануарларға зиян келтіргендерге жаза күшейтіледі. Президент тиісті заңға қол қойды. Оның аясында жануарлар дүниесін есепке алу мен бақылау цифрландырылады. Орман және аңшылық шаруашылығын басқарудың жаңа тетіктері енгізіледі. Сондай-ақ электр желілерін құстарды қорғайтын арнайы құрылғылармен жабдықтау міндеттелмек. Бұл сирек кездесетін құстардың қырылуын азайтуға мүмкіндік береді. Ең маңызды өзгерістің бірі – табиғатқа және жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатысты жауапкершіліктің күшеюі. Айыппұл көлемі артып, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамау және бас бостандығынан айыру мерзімдері ұлғайтылады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28