Алматыда Нобель сыйлығының иегерімен кездесу болды
Алматыда әлемге әйгілі жазушы, әдебиет саласы бойынша
Нобель сыйлығының иегері Мо Ян мен қазақ қаламгерлерінің шығармашылық кездесуі
өтті. Жақында Қытай жазушысының «Халіңіз қалай, Фолкнер
ағай?», «Сарымсақ жыры» атты қос кітабы қазақ тіліне
аударылған еді. Енді туындылар оқырманға жол тартты. Сонымен қатар, әдебиеттің
адами құндылықтарды дәріптеудегі рөлі, ұлттық болмыс пен көркем сөздің құдіреті
талқыланды. Көрнекті қаламгер Мо Ян шығармашылығының ерекшелігі, жазушылық
тәжірибесі және әлем әдебиетіндегі заманауи үрдістер жөнінде ой бөлісті. Ал
қазақ жазушылары ұлттық әдебиеттің даму бағыттары мен қазақ прозасының бүгінгі
тынысы туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ әдеби байланысты нығайту, шығармашылық
тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.
Мо Ян, жазушы, Нобель сыйлығының иегері:
Бүгінгі іс-шарада қазақ халқының ыстық ықыласын сезіндім. Қазақ оқырмандарының әлем әдебиетімен жақсы таныс екені мені ерекше қуантты. Алайда қазақ әдебиетінің туындылары қытай тіліне әлі де аз аударылады. Бұл бағытқа көбірек көңіл бөлінсе деген тілек бар. Қазақ шығармалары кеңінен аударылса, қазақ әдебиетін тереңірек танып, жазушыларымен пікір алмасуға мүмкіндік туар еді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28