Аптап ыстықта өзен-көлдерде бақылау күшейтілді
- Қызылорда облысындағы суға түсетін жерлерде бақылау күшейтілді. Өйткені, аптап ыстықта Сырдарияға суға шомылуға келетіндер көбейген. Аймақта жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның алтауы бала. Өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы құтқарушылармен бірге рейдке шығып, өзен жағалап келді.
- Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жазғы маусымда Сырдарияның сақшыларына айналады. Таңертеңнен кеш батқанға дейін өзен арнасын қайықпен шолып, су жағалауына сая іздеп келген тұрғындардың қауіпсіздігін бақылайды.
- Бұйығып ағатын Сырдария суға шомылуға өте қауіпті өзен. Жаз мезгілінде дария деңгейі түскенімен табанында ойық тұстары көп. Суға түскен адамды ұйық тартып кетеді. Статистикаға сүйенсек, өңірде жыл сайын ашық су айдындарында 20-ға жуық адамның өмірі қиылады екен.
- Бақтияр Тұрманов облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы:
- Мысалы, дене деген қатты қызып тұрады күннің қызуымен. Су салқын болады. Сосын барайында бір шомылып алайын бір, сергіп қалайын деген оймен барып суға түседі. Су салқын болғаннан кейін дене қызып тұрған дене суға үйренбегендіктен қол-аяғы тамырлары тартылып, әрі қарай жүузеге келмей қалады. Сонында қайғылы жағдайға әкеп соғады.
- Рейд барысында құтқарушылар өзенге шомылуға келген екі адамға ескерту жасап, үйіне қайтарды.
- Сыр өңірінде соңғы күндері күннің қызуы 40 градустан асып, ми қайнататын ыстық жұртты әбігерге салып жатыр. Мұндайда көпшілік өзен-көлге асығатыны мәлім. Ал суға түсетін демалыс орындарының көбі ақылы.
- Әділбек Серікұлы, тілші:
- Қызылорда қаласында суға шомылуға рұқсат етілген жалғыз жағажай бар. Ашық су айдыны болса да мұнда барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Жағалаудағы мұнарадан құтқарушылар суға шомылып жатқан адамдарды бақылап, дер кезінде көмек көрсетуге дайын тұрады.
- Ең бастысы жағажайға келушілер ақы төлемейді. Сондықтан, жасы да үлкені де аптап ыстықта осы жерден табылады.
- Ақболат Нұрабай, қала тұрғыны:
- Қорқыныш жоқ. Бәрі қамтамасыз етілген. Қорғаушылары бар. Құтқарушылары да бар. Жіппен керілген. Осындай жағдайы жасалған қауіпсіз жерге суға түскен жақсы.
- Жалпы облыс аумағында тиісті талапқа сай 9 жағажай бар. Оның өзі аздық етіп тұр. Сондықтан, ашық су айдындарында қауіпсіз демалыс орындарын әлі де көбейту керек дейді мамандар.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03