Дарынды оқушыларды оқытудағы ЖИ пайдасы талқыланды
Оқушыларды халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алатындай етіп даярлау үшін жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған жөн. Түркияның Ыстанбұл университетінде өткен халықаралық сипозиумға қатысқан қазақстандық ұстаздар осындай пікір білдірді. Ғалымдар әсіресе халықаралық олимпиадаға дайындық кезінде жасанды интеллектіні дұрыс пайдалану жетістікке жетудің төте жолы екенін айтады. Жиында екі елдің ғалымдары білім беру процесіне қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, тың тәсілдерді енгізуге қатысты жоспарларын таныстырды.
Ораз Сапашев, Ыстанбұл университетінің қазақ тілі пәні бойынша оқытушысы:
Бүгін жасанды зейінге байланысты өтіп жатыр. Өте маңызды мәселе. Өйткені Қазақстанда өте жақсы қолға алынып ілегірлеп келе жатқан мәселе. Бірақ Түркияда Қазақстандағыдай маңызды мәселе емес. Қазақстанның арқасында Түркиядағы университеттер де қатысушылар осы жердегі да жасанды интеллектіге байланысты мәселелерді ойлана бастады деуге болады. Сондықтан түркі мемлекеттері арасындағы білім саласындағы үлкен бір көпір болады деп ойлаймын.
Абдуллах Қызылжық, Ыстанбұл университеті Фараби зерттеу орталығының
директоры:
Қазір әлем бойынша ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі жасанды интеллект. Бүгін қазақстандық ұстаздармен осы бағытта жүзеге асып жатқан жұмыстарды талқыладық. Ғалымдарымыздың білім беру саласындағы ортақ мәселелерді бірлесе шешуі екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдете түседі деп сенемін.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03