Жүк тасымалында алаяқтықтың жаңа түрі анықталды
Қазақстанда Della және Fa-Fa.kz платформалары арқылы автокөлік пен жүк тасымалдауға байланысты алаяқтық фактілері жиілеген. ІІМ-нің хабарлауынша, алаяқтар тапсырыс берушіге өзін тасымалдауды ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде таныстырады. Екі тараптың сеніміне кіріп, автокөлікті немесе жүкті басқа көлікке тиеп, өз мақсаттарына пайдаланып келген. Жуырда Алматы тұрғыны 60 млн теңге тұратын көлігінің ұрланғанын хабарлаған. Полицейлер көлікті тауып, иесіне қайтарды. Ал күдікті ретінде үш адам ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. ІІМ азаматтарға құжаттарды мұқият тексеріп, тасымалдаушы туралы ақпаратты алдын ала нақтылауға және күмәнді жағдайда бірден полицияға хабарласуға кеңес берді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17