Қазақстанда білім алған америкалық оқушылар әсерлерімен бөлісті
FLEX бағдарламасы бойынша Қазақстанда бір жыл білім алған америкалық оқушылар өз отанына оралды. Жаңа мемлекеттегі тұрмыс-тіршілік пен алған әсерлерін олар Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовпен бөлісті. Бағдарлама аясында олар жергілікті отбасының үйінде тұрады. Осылайша, қазақ тілін меңгеріп, елдің дәстүрі мен мәдениетімен жақынырақ танысқан. Елшілікке келген бағдарлама түлектері ғимараттағы тарихи карталарды тамашалап, ағылшын тілінде жарық көрген Абай шығармаларының жинағын сыйға алды.
Люк Йеллен, FLEX бағдарламасының түлегі:
Маған қазақ тілі қатты ұнады. Әсіресе «Мен сені жақсы көремін» деген сөз ерекше әсер қалдырды. Мен үшін бұл тіркес тек махаббатты ғана емес, адамды қандай болса, сол күйінде қабылдауды білдіреді. Мені қазақ мәдениетімен және дәстүрімен таныстырған отбасыма шын жүректен ризамын.
Хэдли Хувлер, FLEX бағдарламасының түлегі:
Қазақстанға жасаған сапарым жүрегімде ең жылы естеліктердің бірі болып қалды. Елдің табиғаты мен таулары ерекше әсер етті. Бір күні Қазақстанға қайта оралып, Шарын шатқалын өз көзіммен көруді армандаймын.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17