Елдегі жаңалықтарға шолу
Қазақстандағы сауда көлемі 28 трлн теңгеден асты
Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, еліміздің ішкі сауда саласында тұрақты өсім
байқалады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша сауда саласының нақты көлемі
былтырмен салыстырғанда 5,6%-ға артып, 28 трлн теңгеден асты.
Көтерме сауда 19,6 трлн теңгеге жетті
Елдегі көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен
6,5%-ға көп. Бөлшек саудада да оң динамика бар. Қаңтар-мамыр аралығында 9 трлн
теңге болды. Жоғары көрсеткіш Алматы мен Астана, Шымкент қалалары мен Атырау,
Қарағанды облысында байқалады.
Түркістанда үздік қызметкерлер марапатталды
Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиында үздік
қызметкерлер марапатталды. Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар,
Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар табысталды. Бүгінде өңірдегі 520 мекемеде
6 300-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді.
Бүгін Қазақстан полициясы күні
Бүгін – полиция күні. Осы ретте Петропавлда Ұлттық ұлан оркестрі арнайы
концерттік бағдарлама ұсынды. Олар ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесімен әуендетіп
жүріп өтті. Музыкалық бағдарлама GuardNext жобасы аясында ұйымдастырылып, қала
тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті.
Хайуанаттар бағындағы ақбөкендер төлдеді
Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді. Зообақ мамандары лақтардың тұрақты бақылауда екенін және жағдайы
қалыпты екенін айтты. Жаңа туған ақбөкендер зообақтағы жануарлар санын ғана емес, келушілердің қызығушылығын да арттырды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28