Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні. Елімізде 83 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосып келеді. Қазір, мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсібилік пен ашықтықты арттыруға, басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған ауқымды реформалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар цифрландыру үдерісі жедел қарқын алып, кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Қазіргі кезде біз толыққанды мемлекеттік қызметке қабылдау өткеру барлық процесстерді автоматты түрде цифрландыруға көшті. Бұған дейін мемлекеттік қызметке жұмысқа кіру 30 күнге дейінгі жұмыс күні аралықтарын қарастыратын болса қазір біз оны 5-7 күнге дейін қысқарттық. Себебі Қазақстанның азаматтары бұрынғыдай басқа мемлекеттік органдарға барып, құжат жинап әуре болмайды.Оның бәрі басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланған.
Ақұлан Тастемір, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы:
Қазір мемлекеттің қызметтің сапасы да, деңгейі де, жауапкершілігі де өте жоғары.Жалпы мемлекеттік қызметкерлерге берілетін көмек қолдау, мемлекет тарапынан тиісінше беріліп отыр. Баспаналық қолдау мәселесі, қосымша оқыту, тәжірибелік шыңдау бағытындағы керемет мүмкіндіктер жаратылған. Сондықтан әріптестерімізді мемлекеттік қызметке келуге ұсыныс беремін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28