Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
Жуырда «Челси» клубына қосылатын қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны тағы өсті. Transfermarkt порталының жаңартылған ақпараты бойынша, 17 жастағы аяқдоп шеберінің бағасы 500 мың еуроға қымбаттап, 3,5 миллион еуроға жетті. Бұл – Қазақстан премьер-лигасындағы ең жоғары көрсеткіш. Осылайша, ол Самородовты артқа тастап, Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды. Самородовтың қазіргі бағасы – 3 млн еуро. Естеріңізге сала кетейік, «Кайраттың» жас дарыны лондондық алпауыт клубқа 4,3 миллион еуроға трансфер жасап, отандық футбол тарихында рекорд орнатқан болатын. 17 маусым күні Дастан Қазақстан премьер-лигасындағы қоштасу матчын өткізді. «Қызылжарға» қарсы сачта дубль авторы атанды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17