Іздеуде жүрген 7 күдікті Жамбыл облысында ұсталды
Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзғандардың арасынан іздеуде жүрген қылмыскерлер анықталды. Заңсыз жұмыс істеген 226 шетелдік азаматтың тиісті рұқсат құжаты болмай шықты.
Ал 141 адам жеке үй-жайлар мен кәсіпорындарда сырт ел азаматтарын қабылдайтыны
туралы полицияға дер кезінде хабарламаған. Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 37 жұмыс беруші жазаға
тартылды. Тіпті құрықталғандар арасында
7 қылмыскер бар болып шықты,
оның алтауы шетел азаматы. Ел аумағындағы еңбек мигранттарының барлығы да
құрылыс басында ұсталған. Олар үй салу, коммерциялық кешендер тұрғызу секілді
жұмыстарға тартылған.
Нұрлан Мырзай, облыстық ПД көші-қон қызмет басқармасының бөлім бастығы:
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдерін бақылауға ерекше назар аударылды. Жамбыл облысы транзиттік облыс болғандықтан басым бөлігі Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен. Ал қалған алыс шетел азаматтары олар Қытай, Франция, Германия деген сияқты бұрынғы отандастар, көшіп қайтып келіп, кетіп жатқан азаматтар.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27