Ел жаңалықтарына шолу
«Болашақ» гранты иегерлері анықталды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары
бойынша конкурс қорытындыланды. Нәтижесінде 184 қазақстандық әлемнің жетекші
университеттері мен ғылыми орталықтарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Шетелде білім алуға жолдама алған 184 адамның 137-сі магистратура
бағдарламалары бойынша, 10 адам докторантура бойынша білім алады. Ал 37 маман
кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ, бакалавриатқа түсуге жеңілдік жасайтын
халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары және халықаралық
орындаушылар байқауларының тізімі кеңейтілген.
Қазақстан
интернеті – әлемдегі арзан интернеттердің бірі
Қазақстандағы
интернет әлемдегі ең арзан интернеттердің бірі деп танылды. Global Broadband
Price League-ның жаңа рейтингінде Қазақстан үй интернетінің құны бойынша 214
елдің ішінде 19-орынға жайғасты. Есептеу кезінде жаңа абоненттерге арналған
уақытша жеңілдіктер, қосылу ақысы, роутер құны, кэшбэк және басқа да жарнамалық
ұсыныстар ескерілмеген. Тек тұрақты ай сайынғы төлем негізге алынған.
Сарбаздар
азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады
Енді
сарбаздар арнайы терминалдар мен планшеттер арқылы азық-түлік және күнделікті
қажетті тауарларға онлайн тапсырыс бере алады. Мерзімді әскери қызметшілерге
арналған Voenmart жаңа сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Жоба әзірге
Астана мен Алматы облысындағы әскери бөлімдерде сынақтан өтуде, тиімділігі
дәлелденсе, ел бойынша енгізіледі.
26.06.2026 күні Алматыда 830 жұп неке қимақшы
Алматыда
26 маусым 2026 жылды «әдемі дата» деп таңдаған 830 жұп некесін қидырмақ. Жыл
басынан бері мегаполисте шамамен 7 мың жұп отбасы құрған. Алматы бұл көрсеткіш
бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Некеге тұрғандардың арасындағы егдесі 92
жаста, ал ең жасы 16-да.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05