Басты Жаңалықтар Жанармайдың заңсыз экспортына бақылау күшейтілді

Жанармайдың заңсыз экспортына бақылау күшейтілді

Қазақстанда жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына қарсы күрес күшейтілді. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі, ІІМ және Шекара қызметі бірлесіп, отын өнімдерін ел аумағынан заңсыз әкетудің 712 әрекетінің жолын кескен. Қазіргі таңда мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы мен контрабандасына қатысты 8 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тексеру барысында заңсыз тасымалданған жанармайдың ірі көлемі анықталды. Соның бірі – АИ-92 бензинін Қырғызстанға заңсыз шығарумен айналысқан ұйымдасқан топ. Тергеу мәліметіне сәйкес, олардың заңсыз айналым көлемі 190 мың тоннадан асқан. Қаржылық мониторинг агенттігі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.


Бөлісу