Германияда зейнет жасы көтерілуі мүмкін
Германияда зейнетке шығу жасы өзгеруі мүмкін. Канцлер Фридрих Мерц үкіметтің зейнет жасын кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін өзгерістер пакетін биыл жыл соңына дейін қабылдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ұсынылып отырған реформаның негізгі бағыттары – зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту, мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндіктерін шектеу. Одан бөлек, арнайы капитал нарығы қорын құру көзделіп отыр. Бұл қорға жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро көлемінде қаржы аударылмақ. Инвестициядан түскен кіріс келешекте зейнет жасына толған азаматтарға зейнетақы төлеуге жұмсалады.
Германия канцлері Фридрих Мерц мұндай шаралар зейнетақы дағдарысының алдын алу үшін қолға алынғанын айтты. Тағы бір сөзінде канцлер реформа нәтижесінде келешекте жастардың мойнына түсетін жүктің жеңілдейтінін атап өтті.
Қазір Германияда азаматтар 66 жастан бастап зейнетке шығады.
Фридрих Мерц, Германия канцлері:
Ешбір азамат алаңдамауы керек. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің күйреуіне жол бермейді және ұрпақтар арасындағы әлеуметтік келісім-шартты нығайтады. Бұл реформа жастарға оптимизм сыйлап, олардың иығынан аса ауыр жүкті түсіруге бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы