Басты Жаңалықтар Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Бүгін Президент ел журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін медиа саласының үздік мамандарына жоғары мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер берілетіні айтылды.

Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалап, олар жаңа Ата заң авторларының бірі деп атап өтті. Масс-медиа өкілдері жаңа Конституцияны қабылдауға үлес қосқанына кеңінен тоқталып, Конситуция – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Өйткені азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан журналистері осы жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін жемісті атқаруда. Наурыз айында біз – бәріміз бір ел болып, конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Еліміздің бас құжаты – жаңа Конституциямыз өз тұғырына қонды. Ата заңды әзірлеу және қабылдау оңай шаруа емес екені анық. Бұл – бірлігі бекем, рухы биік және жарқын болашаққа деген сенімі зор ұлттың ғана қолынан келетін бірегей қадам. Біз осы мақсатқа жету үшін ұзақ жолды жүріп өттік. Арнайы Конституциялық комиссия құрып, Негізгі заңның әр бабын ел мүддесі тұрғысынан мұқият сараладық. Бүкіл жұртты бір мұратқа ұйыстырған ортақ істе медиа саласы мамандарының маңызды рөл атқарғанын ерекше атап өту қажет. Журналистер қауымы Конституциялық комиссияның қызметі туралы сапалы және мазмұнды хабарлар таратты.

Төл мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлері мен жас буыны да мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың қатарында Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншинада бар. Ол  – «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сәуле Жиреншина «Қазақстан» РТРК АҚ Алматы филиалының директоры:

Журналистика саласында істеп жүргеніме 36 жыл. 90 жылдан бері осы сапта келе жатырмыз. Талай жасты тәірбиеледік. Мемлекет басшының қолынан мапат алу мен үшін үлкен мәртебе.

Қоңыр үн, ерекше екпін, жүйелі сөз. Бұл - белгілі журналист, телевизия тарланы Қайрат Мұсақұлов жайлы сөздер. Тура 40 жыл журналистикада жүрген оның өмірі толықтай «жаңалықтың өзі» десек те болады. Қайрат Мұсақұлов – ел Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығымен марапатталды.

Қайрат Мұсақұлов, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы АСБД директорының орынбасары:

Осы арнада 40 жыл қызмет еттім. Осы құрметке біздің арнаны және менің еңбегімді лайықтап бағалағанына мың да бір рахмет айтамын.

Ал «Қазақ радиосының» ардагері Ғалия Балтабай – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Ол Президент айтқандай ел Конституцясының жаңаруына тілшілердің де зор үлесі бар екендігін айтты.

Ғалия Балтабай, «Қазақ радиолары» ЖШС ардагері:

Журналистер жан-жақты болуы керек. Сол үрдістен шықты. Мемлекеттің жаңа жобасына қатысып, журналистер көп еңбек етті. Өзіміз сырттай қарап бақылап отырдық. Өзім ризамын, біздің артымыздан сендердей ізбасарлар ере берсін, халыққа елге қызмет етсін.

Президент «Газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келетінен айтып, «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек екенін жеткізді.

Бөлісу