Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235-ке жетті
Соңғы мәліметке сай, Венесуэлада болған алапат жер сілкінісінен 235 адам мерт болып, 4300-і жараланған. Үйінділер астында әлі жүздеген адам жатуы мүмкін. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметі опат болғандар 100 мыңға жету ықтималдығы 33 пайыз екенін хабарлады. Қазір тас-талқаны шыққан аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Жүздеген ғимарат жермен-жексен болды. Айта кетсек, Венесуэлада сәрсенбі күні екі мәрте зілзала болды. Алғашқысының қуаты 7,2, екіншісі 7,5 балға жеткен. Венесуэла Кариб теңізі мен Оңтүстік Америка плиталары түйісетін сейсмикалық белсенді аймағында орналасқан. 1812 жылы Мерида және Каракас қаласында жойқын жер сілкіністерінен шамамен 30 000 адамның өмірі қиылды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17