Басты Жаңалықтар Бюджеттің игерілуі: Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Бюджеттің игерілуі: Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. ((КСМ)) Жиында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың өсімі 6,5 пайыз. Бұл оң динамика инвестиция көлемінің артуы, іскерлік белсенділіктің жандануының және өңдеу өнеркәсібі секторының нығаюының нәтижесінде болып отыр. Сенаторлар бюджетті жоспарлаудың сапасын арттыру қажет екенін айтып, бірқатар жүйелі мәселеге назар аударды. Өткендегі Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев әлеуметтік міндеттемелер толық орындалғанын айтқан еді. Ал, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов былтыр еліміздің алтын-валюта резервтері 42,8 пайыз өскенін мәлімдеді.

Бөлісу